Біз туралы
«Damu Development Group» консорциумы — қоғамдағы оң өзгерістер мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру үшін ортақ тәжірибе мен ресурстарды тиімді пайдаланатын, ортақ идеялар мен құндылықтар біріктірген компаниялар бірлестігі.

Консорциум 2022 жылы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және экология салаларындағы ауқымды әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылды.

Консорциум жобалары жергілікті атқарушы органдардан бастап бастамашыл топтар мен белсенді азаматтарға дейін әртүрлі қауымдастықтармен, серіктестермен және қатысушылармен ашық диалог пен ынтымақтастық қағидаттарына негізделеді.

5 жыл ішінде консорциум Алматы мен Астана секілді ірі қалаларда бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асырды.

Бүгінде консорциум еліміздің өңірлерінде баламасы жоқ бірегей әлеуметтік нысандарды салуға бағытталған ауқымды жобаларды іске асыруда. Әр жоба — заманауи әрі қауіпсіз кеңістіктің үлгісі.

«Damu Development Group» консорциумы — әлеуметтік құрылыс саласында сапа көшбасшысы, сондай-ақ жаңа үрдістер қалыптастыратын сенімді серіктес. Бұл арқылы ол қоғам мен қоршаған ортаға жауапкершілікке, тұрақтылыққа және құрмет мәдениетін дамытуға үлес қосады.
Біздің мақсатымыз
  • Жоғары стандарттар
    Әр жобамыз – заманауи әрі қауіпсіз кеңістіктің үлгісі. Біз әлеуметтік құрылыс саласында сапа стандартын белгілеп, саладағы жаңа трендтерді қалыптастырып келеміз.
  • Болашақ алдындағы жауапкершілік
    Біз тек ғимараттар салып қана қоймай, келешек ұрпақ үшін берік негіз қалаймыз. Өз ісімізде басты мақсат – қоғам мен қоршаған ортаға жауапкершілік, тұрақтылық және құрмет мәдениетін дамытуға ықпал ету.
  • Тәрбиелік құндылықтар
    Біз адамның қалыптасуына өмір сүретін ортасының әсері зор екеніне сенеміз. Сондықтан біздің жобалар — жай ғана нысандар емес, тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ететін, білімге ұмтылуға, өзара құрметке және дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға жағдай жасайтын кеңістіктер.
  • Үлгі арқылы көшбасшылық
    Біз ашықтық, адалдық және жоғары ішкі стандарттар арқылы өзгелерге үлгі болуға тырысамыз. Консорциум халық игілігі үшін шын ниетпен жұмыс істеудің үлгісін көрсетіп және өзгелерді де соған шабыттандыруға ниетті.
  • Қоғамға қызмет ету
    Біз қабылдайтын әрбір шешімнің ортасында ең бастысы - адам тұрады. Біз қоғамның мүддесін жекелеген топтардың мүддесінен жоғары қойып, әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастырамыз.
  • Ашықтық пен айқындық
    Біз сенімді серіктестік пен қоғам сенімін ашықтық арқылы құраймыз. Концепциядан бастап нысанның тапсырылуына дейінгі барлық кезеңдер серіктестерге, қоғамға және мемлекетке ашық әрі түсінікті жүргізіледі.