Жаңалықтар

АСТАНАДА SANA ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ АШЫЛДЫ

Мұнда бір уақытта 700 бала білім ала алады. Қайырымдылық жобаның құны _____ миллиард теңгені құрады. Жоба мемлекет меншігіне өтеусіз берілді.

Бүгінгі таңда SANA жобасы – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жаңа заманауи үлгіде салынған алғашқы оқушылар сарайы. Кешен бес қабатты құрайды.

Оқушылар сарайының аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайды. Заманауи бес қабатты ғимаратта 5 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді. Олар бірнеше бағытқа бөлінген: техникалық, шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка, хореография және спорт.

Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттерінен бөлек, 25 метрлік жүзу бассейні, өнер залы, фото және подкаст түсіруге арналған студиялар да бар.

Орталықта сондай-ақ Lego құрастыру, робототехника, 3D-модельдеу, қыш өнері, соқпалы аспаптар, домбыра үйірмелері орналасқан.

Damu Development Group консорциумы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында алдағы уақытта тағы бірнеше даму орталықтарын, әлеуметтік және медициналық нысандар салуды жоспарлап отыр.
2025-06-05 15:35